Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматыда баланы тепкен ер адам қамалды

/
Алматыда баланы тепкен ер адам қамалды
Сурет: видеодан скрин

Алматыда «Каспий» тұрғын үй кешенінің ауласында бір ер адам балалар алаңында тұрған баланы жүгіріп келіп қарқынмен теуіп жіберген. Одан кейін ол сабырмен үйіне кіріп кеткен, айналадағы ересектер де араша түспеген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, балаға барлық қажетті көмек көрсетілетінін және жағдай бақылауда екенін хабарлады.

Анасының айтуынша, баланың миы шайқалған. Оның сөзінше, учаскелік полицей ересектер емдеу ақысын төлесе, «мәселені бейбіт жолмен шешуді» ұсынған. Зардап шеккен баланың отбасы объективті тергеу жүргізіліп, кінәлі адамның жауапқа тартылуын талап етіп отыр.

Алматы полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

«Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицияның ұстанымы анық: балаларға қатысты мұндай әрекеттерге жол берілмейді және заңға сәйкес қатаң түрде тоқтатылады», – деп мәлімдеді ведомство.

Тергеудің барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.