Logo
Іздеу
Айдарлар

Мүгедек балалардың ата-анасын тілдеген блогер қамалды

/
Мүгедек балалардың ата-анасын тілдеген блогер қамалды
Сурет: видеодан скрин

Gulnara.blogger лақап атымен танымал блогер полицияға жеткізілді. Ол инстаграмында жариялаған даулы ролигінде балалардағы онкология мен аутизмді ата-аналардың «азғын өмірінің жазасы» деп мәлімдеген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл видео желіде бірден қызу наразылық туғызды. Полиция блогерді ұстады, бөлімшеге жеткізіп, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «кішігірім хулигандық» бабымен іс қозғады. Ведомствода оның материалдары жақын арада сотқа жіберілетінін айтты.

«Осындай құқықбұзушылықтар заң аясында қатаң түрде тоқтатылатын болады. Азаматтарды контент жариялауда жауапкершілік танытуға, басқа адамдардың құқықтары мен сезімдерін сыйлауға, сондай-ақ қоғамдық мораль мен этика нормаларын сақтауға шақырамыз», — деді Астана қалалық ПД.

Бұған дейін Алматы ПД-де аутизмі бар балаларды өлтіруге шақырғаны үшін іс қозғалған.