Ақтауда жыл басынан бері "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында 7 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Бұл туралы қала әкімі есеп беру барысында мәлімдеді.
Отырғызылған көшеттер Маңғыстаудың қуаң климатына жақсы бейімделген түрлерден таңдалған. Атап айтқанда, клен, платан, акация, айланд, гледичия, туя, можжевельник және қайың секілді ағаштар жерсіндірілді.
Сонымен қатар, күзгі көшет отырғызу маусымының өзінде биіктігі 4-4,5 метр болатын 2 мыңнан астам ағаш егілгені белгілі.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.