Logo
Іздеу
Айдарлар

Түркістан облысында төбелескен шенеунікті лауазымынан босату ұсынылды

/
Түркістан облысында төбелескен шенеунікті лауазымынан босату ұсынылды
Сурет: видеодан скрин

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті жуырда әлеуметтік желіде қоғамдық резонанс тудырған, мемлекеттік қызметшінің қатысуымен болған төбелес оқиғасына байланысты тиісті қызметтік тексеріс жүргізгендерін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Нәтижесінде, 5 желтоқсан күні Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесі тиісті шешім қабылдаған. Кеңес шешімімен Түркістан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы С.Жалықұлға қатысты қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін «атқарып отырған лауазымынан босату» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Әдеп жөніндегі кеңес С.Жалықұл тарапынан орын алған тұрпайы, қоғамға жат мінез-құлықты, сондай-ақ мемлекеттік органның беделін түсіретін әрекет жасау арқылы жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларды бұзу фактісін анықтады.