Logo
Іздеу
Айдарлар

Көлік министрлігінде Өзбекстан шекарасындағы астық тасымалы мәселесі талқыланды

/
Көлік министрлігінде Өзбекстан шекарасындағы астық тасымалы мәселесі талқыланды
Сурет: Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде «Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері қатысқан жедел кеңес өтіп, Орталық Азия елдеріне астық жеткізу мәселелері қаралды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Биылғы 11 айда Орталық Азияға жіберілген астық көлемі 5,6 млн тоннаға жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32 пайызға көп.

Тек қараша айында экспортқа 1,2 млн тоннадан астам астық жөнелтілсе, соның шамамен 700 мың тоннасы Орталық Азия бағытында экспортталған.

Кеңесте өткізу көлемінің артуы Өзбекстандағы қабылдау терминалдарының шамадан тыс жүктелуіне әкелгені айтылды. Бұл екі елдің көлік ведомстволары жедел және келісілген шара қабылдау қажеттігін көрсетеді.

Өзбекстан тарапындағы өткізу және өңдеу мүмкіндіктерін ескере отырып, астық экспортын ұйымдастыру бойынша нақты шешім дайындау мақсатында 8–9 желтоқсанда Сарыағаш пен Ташкентте Өзбекстан теміржолдарымен бірлескен кеңес өткізу туралы келісім жасалды.

Бұған дейін Өзбекстан шекарасында астық тиеген мыңдаған вагонның қаңтарылып тұрғанын жазған болатынбыз.