Logo
Іздеу
Айдарлар

Павлодарлық кәсіпкерді өлтірді деген күдікті Ресейден Қазақстанға жеткізілді

/
Павлодарлық кәсіпкерді өлтірді деген күдікті Ресейден Қазақстанға жеткізілді
Сурет: видеодан скрин

Павлодарда кәсіпкерді өлтірді деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Ресей аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша елге экстрадицияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тергеу материалдарына сәйкес, биыл 21 ақпанда кәсіпкер жұмысқа кетіп, содан кейін байланысқа шықпай қойған. Ол бір тәуліктен соң хабар-ошарсыз жоғалған деп танылды.

Зерттеу барысында дәл сол күні жәбірленушінің Павлодарда күдіктімен оның үйінің ауласында жолыққаны анықталды. Қаржылық мәселе бойынша туындаған жанжал кезінде күдікті кәсіпкерге 22 рет пышақ салған. Жәбірленуші оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болған.

Қылмыстың ізін жасыру үшін күдікті марқұмның денесін және көлігін өз гаражына тығып, кейін Қазақстаннан қашып кеткен.

Наурыз айында ол Ресей Федерациясында қолға түскен, бүгін Қазақстанға қайтарылды. Қазір күдікті тергеу изоляторында қамауда.

Оған тағылған айып бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.