Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі, вице-премьер Аида Балаева ҚазТАГ ақпарат агенттігі басшылығына қатысты қозғалған қылмыстық іске пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Журналистердің Ақордада қойған сұрақтарына жауап берген министр ведомствоның қылмыстық процестерге тікелей араласа алмайтынын айтты.
Балаеваның айтуынша, министрлік ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаевпен байланыста отыр.
«Егер сот процесі жүріп жатса немесе қылмыстық іс қозғалған болса, біз оған тікелей араласуға құқылы емеспіз. Бірақ біздің заңгерлер жағдайды мұқият бақылап отыр. Біз Әcет Матаевпен де үнемі хабарласып отырмыз», — деді министр.
Бұған дейін ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаев пен бас редактор Әмір Қасенов қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылғаны хабарланған. Іс Freedom Finance компаниясының арызы негізінде қозғалған. Компанияны миллиардер Тимур Турлов бақылайды.
Қылмыстық іс компания қызметкерлерінің алаяқтық әрекеттерінен зардап шектік деп мәлімдеген қазақстандықтардың шағымына қатысты қозғалған.