Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматыда жаңа босанған ана ауруханада қайтыс болды

/
Алматыда жаңа босанған ана ауруханада қайтыс болды
Сурет: ZTB news

Алматыда 29 жастағы Кристина Илющенко қайғылы жағдайда көз жұмды. Ол 14 қарашада Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында босанған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Үйіне шыққаннан кейін Кристина кеудесінің қатты ауырғанын айтып шағымданған. 3 желтоқсанда ол қайтадан перзентханаға келіп, оған мастит және лактостаз диагнозы қойылған. Жаңадан туған сәбиімен бірге ауруханаға жатқызылған, деп жазды ZTB news телеграм арнасы.

9 желтоқсанда оны үйіне шығаруы тиіс еді — тіпті заттарын жинап қойған. Алайда таңертең жағдайы күрт нашарлап кеткен. Туыстарының айтуынша, әйел кенеттен ауыр қиналып дем ала бастаған, содан соң жүрегі тоқтап қалған. Реанимация нәтиже бермеді.

«Оның жүрегінде ешқашан проблема болмаған. Ауруханаға тек сүт келмегені үшін ғана жатқызылған… Ауруханадан шығамын деп дайындалғаны қаралы қоштасуға айналып кетті», — дейді жақындары.

Кристинаның жанұясы объективті әрі ашық тергеу жүргізілуін талап етеді. Сот-медициналық сараптама қорытындысы әлі шыққан жоқ, туыстары ешкімді тікелей айыптамайды, бірақ ауруханада нақты не болғанын білгісі келеді.