Logo
Іздеу
Айдарлар

Хромтау әкімнің ісі сотқа жіберілді

/
Хромтау әкімнің ісі сотқа жіберілді
Сурет: instagram.com/sagyndyk_shabikbaev

Қараша айында Хромтау әкімі Сағындық Шәбікбаев пара алу ісі бойынша ұсталған болатын. «Диапазон» жазғандай, сыбайлас жемқорлық ісі бойынша тергеу аяқталып, материалдар сотқа жіберілгені белгілі болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алғашқы сот процесі кеше, 11 желтоқсанға белгіленді. Әкімнің ісі Хромтау ауданының сотында қаралады.

Еске салсақ, Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шәбікбаев 2023 жылы сайлауда жеңіске жеткен еді.

Ал келесі жылдың басында, 11 қаңтарда Хромтауда қайта сайлау өтеді, тұрғындар жаңа қала әкімін таңдайды. Кандидаттардың есімдері кейін жарияланады.