Logo
Іздеу
Айдарлар

«Велосипед айдау үшін қоқыстарын төгемін»: Айтбаев ағынан жарылды

/
«Велосипед айдау үшін қоқыстарын төгемін»: Айтбаев ағынан жарылды
Фото: видеодан скрин

Бұрын КВН кейін «Көңілді тапқырлар клубы», қазір «Жайдарман» аталы кеткен әзіл ойындарының жұлдызы болған «Көз тимесін» командасының мүшесі актер әрі продюсер Ерлан Айтбаев (Ералаш) жақында өзінің жеке өмірі туралы ағынан жарылып сұхбат берген екен, деп хабарлайды arasha.kz арнаға сілтеме жасап.

Сұхбат барысында Ерлан Айтбаев бала күнінде әке-шешесінің ерте ажырасып кеткенін, арадағы бірнеше жыл өткен соң ғана әкесін көргенін, онымен қайта жақын болғанын айтады. Ағынан жарылып, балалық шаққа да ойысқан кейіпкер кішкентай кезіндегі естелігін былай деп еске алды:

«Бала кезімде, әлі есімде, менде велосипед болмаған ғой. Себебі менің шешемде мүмкіндік болған жоқ.  Әркімнің велосипедін айдайтын едім, бірақ олар маған: «қоқыс (ред.) төгіп келсең айдатам» дейтін еді. Солардың қоқысын төгу мен үшін арланатын (ред.) нәрсе емес еді. Қоқысты төгіп келіп, ауланы бір-ақ рет қана айналасың ғой», – дейді Айтбаев.

Кейін сол үшін мәз болғанын және онысын шешесіне айтып жылаған түндерін де еске алды.