Logo
Іздеу
Айдарлар

Сирияда «Ислам мемлекеті» содырының шабуылынан екі америкалық әскери мен аудармашы қаза тапты

/
Сирияда «Ислам мемлекеті» содырының шабуылынан екі америкалық әскери мен аудармашы қаза тапты
Сурет: AP Photo / Baderkhan Ahmad

Шабуыл Пальмира қаласында болған. АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) хабарлауынша, шабуылды жалғыз әрекет еткен содыр ұйымдастырған. Шабуыл салдарынан тағы үш адам жарақат алған. Қарулы шабуыл жасаған адам оқиға орнында жойылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Америкалықтарға — әлемнің қай түкпірінде болса да — қару көтерсеңіздер, қалған қысқа әрі үрейге толы өмірлеріңізді АҚШ сіздерді аңдып, тауып, аяусыз жоятынын біліп өткізесіздер», — деп жазды АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет X әлеуметтік желісінде.

Пентагон өкілі Шон Парнеллдің айтуынша, шабуыл арнайы операция аясында «маңызды жетекшімен кездесу өткізу» кезінде болған. Ал АҚШ-тың Сирия бойынша арнайы өкілі Том Баррак содыр америкалық және сириялық әскерилердің бірлескен патруліне шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Парнелл қаза тапқан әскери қызметкерлердің жеке деректері олардың отбасыларына хабар берілгенге дейін жарияланбайтынын айтты.

Бұл — өткен жылдың желтоқсанында Башар Асад режимі құлатылғалы бері тіркелген осындай алғашқы оқиға.