Logo
Іздеу
Айдарлар

Танымал актер үйінде өлі табылды

/
Танымал актер үйінде өлі табылды
Сурет: ашық дереккөзден

«Қылмыстық чтиво» және «Маска» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал америкалық актер Питер Грин Нью-Йорктегі өз пәтерінен өлі күйінде табылды, деп жазды New York Daily News газеті. Ол 60 жаста болған.

«Питер еденде етпетінен жатқан, беті жарақаттанған, айналаның бәрі қан болған», — деді актердің көршісі.

Полиция оқиғаны жазатайым жағдай ретінде де, қылмыстық нұсқа ретінде де қарастырып жатыр. Атап айтқанда, актердің пәтерінен Гриннің өліміне Нью-Йорктегі ирландиялық қылмыстық топтардың қатысы болуы мүмкін екенін көрсететін айғақтар табылған. Сонымен қатар соңғы уақытта актер ми қан тамырындағы емделмеген аневризма салдарынан басы айналатынын айтып жүрген. Жақын арада оған өкпедегі қатерсіз ісікті алып тастау операциясы жасалуы тиіс болған.