Logo
Іздеу
Айдарлар

СІМ-нен кеткен Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

/
СІМ-нен кеткен Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды
Сурет: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Айбек Смадияровты Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жуырда ғана Айбек Смадияров Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметін атқарған. Ол бірнеше жыл бойы ведомство атынан сөйлеп, дипломатиялық мәселелер бойынша журналистермен тығыз байланыста жұмыс істеді.

Өткен сейсенбі күні Айбек Смадияров тілшілермен «қоштасып», осы жылдар ішінде олармен бірге кәсіби тұрғыда өскенін атап өтті.

Айта кетейік, қазан айында Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бұрынғы басшысы Абзал Нүкенов қызметінен кетіп, Алматы қаласы әкімдігіне ауысқан болатын.

Ал қыркүйек айының соңында Сыртқы істер министрі қызметінен кеткен Мұрат Нұртілеу қазір Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент әкімшілігінде жұмыс істеп жүр.