Logo
Іздеу
Айдарлар

Күрестен Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбайға қатысты сот өтіп жатыр

/
Күрестен Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбайға қатысты сот өтіп жатыр
Сурет: olympic.kz

Павлодар қаласында қазақстандық еркін күрес балуаны, Олимпиаданың қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Спортшы Ұлттық ұлан патруліне шабуыл жасады деген айыппен жауапқа тартылған. Іс материалдарына сәйкес, қыркүйек айында Шабанбайға түскен шағымға байланысты ол кешкі сағат тоғыздар шамасында кафе маңында тоқтатылған.

Ескертулер мен сұрақтарға балуан балағат сөздермен жауап беріп, бір қызметкерді итеріп жіберген, патруль бастығын иығынан теуіп, бетіне соққы жасаған, үшіншісінің көзінен ұрған. Оқиға орнына қосымша күш келгеннен кейін ғана ер адамды жерге жатқызып, спортшыға кісен салу мүмкін болған.

Прокурор Шабанбайға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Ал балуан өз кінәсін толық мойындағанымен, жарыссөзде сөз сөйлеуден бас тартты.