Төтенше жағдай 14 желтоқсанда құрылыс объектісінде болған: қасбет жұмыстары кезінде аспалы көтергіштің тросы үзіліп кеткен, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ішінде болған 41 жастағы ер адам құлап, алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр.
Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.