Logo
Іздеу
Айдарлар

Олимпиаданың қола жүлдегері Дәулет Шабанбай 3 жылға сотталды

/
Олимпиаданың қола жүлдегері Дәулет Шабанбай 3 жылға сотталды
Сурет: olympic.kz

Олимпиаданың қола жүлдегері Дәулет Шабанбай әскерилерге қол көтергені үшін 3 жылға сотталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Еске салайық, оқиға қыркүйек айында болған. Кешкі уақытта кафе маңында патруль шу мен орынсыз мінез-құлыққа қатысты шағымдардан кейін Дәулет Шабанбайды тоқтатқан. Куәгерлердің айтуынша, ол мас күйде болған. Балуан әскери қызметкерлердің ескертулеріне алдымен балағат сөздермен жауап беріп, кейін төбелеске көшкен: бірін итеріп, әскерилердің басшысын теуіп, бетінен соққан, үшіншісінің көзінен ұрған.

Оны ұстау тек қосымша күштің көмегімен ғана мүмкін болған. Спортшыны жерге жығып, кісен салған. Шабанбай өз кінәсін мойындап, кешірім сұраумен шектелді.

Айта кетейік, ол спорттық мансабын 5 жыл бұрын аяқтаған. 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдесін Дәулет Шабанбай тек 2022 жылы, өзге жүлдегерлердің допинг үшін дисквалификациялануынан кейін алған.