Logo
Іздеу
Айдарлар

Мәжілісте жүкті әйелдерге қолданылған азаптаулар қатаң сынға алынды

/
Мәжілісте жүкті әйелдерге қолданылған азаптаулар қатаң сынға алынды
Сурет: Рixabay

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Қазақстанда ұсталған және сотталған адамдарға, соның ішінде әйелдерге босану кезінде де кісен салу тәжірибесі сақталып отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл заңға, Конституцияға және халықаралық стандарттарға қайшы әрі азаптауға тең, деп хабарлайды Arasha.kz.

Депутат Бас прокурорға жолдаған сауалында кісенмен операция жасау мен босандыруды адам құқықтарын өрескел бұзу деп атап, мұндай тәжірибеге заңды баға беруді талап етті. Сондай-ақ бұрын күштік және мемлекеттік органдарда қызмет еткен әйелдердің жалпы колонияларда ұсталуы олардың қауіпсіздігіне қатер төндіретінін айтты.

Құспан уақытша ұстау орындарында адам өлімінің жиілегеніне назар аударды. 2022–2024 жылдары және 2025 жылдың 11 айында ондаған адам қаза тапқан, олардың басым бөлігі аурудан көз жұмған. Депутат мұны медициналық бақылау, прокурорлық қадағалау және сот жауапкершілігінің әлсіздігімен байланыстырды.

Ол уақытша ұстау орны мен ҚАЖ мекемелеріндегі өлім-жітімге құқықтық баға беруді, медициналық көмектің жай-күйін тексеруді, мерзімінен бұрын босатудың қысқару себептерін талдауды және операциялар мен босану кезінде кісен қолдануға заң жүзінде тыйым салуды талап етті.