Logo
Іздеу
Айдарлар

Іздеуде жүрген қазақстандық Таиландта ұсталды

/
Іздеуде жүрген қазақстандық Таиландта ұсталды
Сурет: The Thaiger

Алаяқтық ісі бойынша «қызыл хабарлама» арқылы Интерполдан ізделген қазақстандық Пхукетте ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz сайты The Thaiger басылымына сілтеме жасап.

«Қазақстан азаматы, туған елінде алаяқтық ісі бойынша соттан қашып, Пхукетке келгеннен кейін, Интерполдың қызыл хабарламасы бойынша ізделіп, полиция тарапынан ұсталды», — делінген хабарламада.

Пхукет провинциясының иммиграциялық қызметі ізделіп жатқан азаматтың қайда екендігі туралы ақпарат алып, оны іздеуді бастады. 15 желтоқсан дүйсенбі күні құқық қорғау органдары оның Пхукеттегі Муанг ауданына қарасты орналасу нысандарының бірінде екенін анықтап, ұсталған.

Ұсталғаннан кейін иммиграциялық органдар оған Таиландта тұру құқығын тоқтатты. Қазіргі уақытта Қазақстан елшілігімен бірлесе, азаматты туған елге жеткізіп, ары қарай сот процесін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.