Астанада теміржол вокзалында шетелдік азаматқа пышақпен шабуыл жасады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Пышақ жарақатын салу фактісі бойынша Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті “ізін суытпай” ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.