Logo
Іздеу
Айдарлар

«ҚазТАГ» агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов ұсталды

/
«ҚазТАГ» агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов ұсталды
Сурет: Рixabay

Оқиға туралы  «ҚазТАГ» ХАА-ның бас директоры Әсет Матаев адвокаттарға сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, кешкі сағат жетілер шамасында Қасенов Астанадағы Есіл аудандық полиция бөліміне тергеу әрекеттеріне шақырылған.

«Егер Қазақстанда әділдік бар болса, Амирге тағылған барлық айыптар алынып, ол бостандыққа шығады!» — деп жазды Матаев.

Желтоқсан айының басында полиция «ҚазТАГ» ХАА басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғағаны туралы жазған едік. Күдіктілер қатарында бас директор Әсет Матаев пен бас редактор Әмір Қасенов бар.

Іс миллиардер Тимур Турловпен байланысты Freedom Finance компаниясының арызы негізінде қозғалған.