Logo
Іздеу
Айдарлар

Атбасардағы азаптау ісі: ҚАЖК-нің 12 қызметкері тағы да ақталды

/
Атбасардағы азаптау ісі: ҚАЖК-нің 12 қызметкері тағы да ақталды
Сурет: Рixabay

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты алқабилердің қатысуымен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Arasha.kz облыстық сотқа сілтеме жасап.

Соттың ресми Telegram-арнасында хабарланғандай, қылмыстық қудалау органы ҚАЖК қызметкерлерін Атбасар қаласындағы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға қатысты рұқсат етілмеген әсер ету әдістерін қолданды (ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы 3-бөлігі 1-тармағы – «Азаптау») деп айыптаған болатын.

Алқабилер сотталушылардың кінәсіздігі туралы үкім шығарды.

«Алқабилердің қылмыс оқиғасының болмауы және сотталушылардың кінәсіздігі туралы шешімі кеңесу бөлмесінде дауыс беру арқылы қабылданды. 10 алқаби мен 1 судьяның әрқайсысында бір-бір дауыстан бар. Дауыс беру кезінде ешкімнің басымдығы болмайды», — деп атап өтті сотта.

Сот үкімімен ҚАЖК-нің 12 қызметкері кінәсіз деп танылды. Ақталғандардың оңалтуға (реабилитацияға) құқығы бар екені бекітілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.