Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстан мен Ресей Байқоңырдағы жаңа жобаны іске қосу мерзімін кешіктірді

/
Қазақстан мен Ресей Байқоңырдағы жаңа жобаны іске қосу мерзімін кешіктірді
Сурет: ашық дереккөзден

Бастапқы жоспарларға қарамастан, биыл «Бәйтерек» кешенінен «Союз-5» зымыранының алғашқы ұшырылымы болмайды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Роскосмостың» мәлімдеуінше, ұшыру мерзімін өзгерту туралы шешім қазақстандық тараптың бастамасымен қабылданған. Себебі — борттық жүйелерді де, жерүсті жабдықтарын да қосымша тексеруден өткізу қажет болған.

Сынақтар «Роскосмос» қосымша тексерулер мынадай нәтиже береді деп есептейді:

- жүйелердің штаттық және штаттан тыс режимдерде тұрақты жұмыс істеуі;

- ұшу сынақтарына барынша дайындық;

- алғашқы ұшырылымның қауіпсіз әрі сәтті өтуі үшін оңтайлы жағдайлар.

Монтаждау-сынақ кешеніндегі автономды сынақтардан кейін «Союз-5» зымыраны ұшыру кешеніне жеткізіліп, тігінен орнатылады және қорытынды сынақтар жүргізіледі.

 «Қазіргі уақытта жұмыстар барлық регламенттер мен стандарттарды сақтай отырып, жоспарлы режимде жүргізіліп жатыр. Ұшыру күні барлық процедуралардың қорытындысы бойынша анықталады және бағдарламаға қатысушылармен келісіледі», — делінген компания хабарламасында.