Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматыда қоғамдық көлікте жолақыны Kaspi арқылы төлеу мүмкіндігі енгізілді

/
Алматыда қоғамдық көлікте жолақыны Kaspi арқылы төлеу мүмкіндігі енгізілді
Сурет: Әкімдік

Алматыда қоғамдық көлікте жолақы төлеудің жаңа мүмкіндігі пайда болды. Енді жолаушылар Kaspi қосымшасын пайдаланып, ONAY! QR коды арқылы жолақысын төлей алады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қаладағы автобустарда жол жүруді тіркеудің жаңартылған тәртібі енгізілді. Жолаушылар автобус ішіндегі ONAY QR кодын Kaspi қосымшасымен сканерлеу немесе көлік кодын қолмен теру арқылы төлем жасай алады.

Бұл жаңашылдық қолданыстағы ONAY! жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейтіп отыр. Сонымен қатар бұрынғыдай ONAY! көлік картасы, мобильді қосымша арқылы көлік кодын енгізу, SMS арқылы ұялы телефон балансынан төлеу, ұзақ мерзімді (оның ішінде жеңілдікпен ұсынылатын) жол жүру билеттері, Бірыңғай көлік картасы мен виртуалды билеттерді қолдану мүмкіндігі сақталады.