Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Құқықтық алаңдағы қоғам

Ақтөбеде банк менеджері зейнеткерлердің атынан несие рәсімдеген

Ақтөбеде банк менеджері зейнеткерлердің атынан несие рәсімдеген
Сурет: pexels

Ақтөбеде зейнеткерлердің атынан несие рәсімдеген банк менеджері ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция органдарына бірнеше егде жастағы азамат белгісіз тұлғалардың олардың атына несие рәсімдегені туралы арызбен жүгінген.

«Тергеу амалдары барысында банктердің бірінің менеджері несие бойынша төлем операцияларын жүргізу деген сылтаумен, клиенттердің хабарынсыз қарыз рәсімдеп, олардың шоттарынан ақшалай қаражатты шешіп алғаны анықталды», – деп хабарлады полициядан.

Қазіргі уақытта алты жәбірленуші анықталды. Күдікті өз кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, қажетті тергеу әрекеттері жүзеге асырылуда.