Logo
Іздеу
Айдарлар

Тоқаев заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы заңға қол қойды

/
Тоқаев заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы заңға қол қойды
Сурет: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Соттың шешімдерін орындау және заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Arasha.kz  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдерін орындау және заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.

Қабылданған заң Конституциялық Соттың шешімдерін іске асыруға, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған активтерді мемлекет меншігіне қайтарудың құқықтық тетіктерін жетілдіруге бағытталғаны атап өтілді.

Заңның мәтіні баспасөзде ресми түрде жариялануға тиіс.