Logo
Іздеу
Айдарлар

«YouTube әрең жүктеледі»: қолданушылар «Қазақтелекомды» шағымның астына алды. Компания не дейді?

/
«YouTube әрең жүктеледі»: қолданушылар «Қазақтелекомды» шағымның астына алды. Компания не дейді?
Сурет: pexels

YouTube-тің бірнеше күн бойы баяу жұмыс істеуі қолданушылардың шыдамын тауысты. «Қазақтелекомның» Instagram-дағы жазбаларының астында бейнехостингтің нашар жүктелуіне қатысты жаппай шағымдар пайда бола бастады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Пікір қалдырушылар YouTube-тің неге іркіліспен жұмыс істеп тұрғанын сұрап, видеолардың не өте баяу ашылатынын, не мүлдем қосылмайтынын айтып наразылық білдіруде.

«Қазақтелеком» бұл мәселенің бар екенін және оның жаппай сипат алғанын растады:

«Қазақстан бойынша интернет байланысының төмен жылдамдығына байланысты проблемалық билет (қандай да бір ақау бойынша клиенттің өтінімі — авт. ескертпесі) ашылды. Мамандар қазіргі уақытта ақауларды жоюмен айналысып жатыр. Орын алған жағдай үшін кешірім сұраймыз. Біз сервисті қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз және түсіністік танытады деп үміттенеміз», - делінген Қазақтелекомның хабарламасында.

Әзірге «Қазақтелеком» YouTube-тің тұрақты жұмысы қашан қалпына келетіні туралы нақты мерзімді атаған жоқ. Ал қолданушылар танымал видеосервистің қайтадан кедергісіз жұмыс істеуін күтіп, пікір жазуды жалғастыруда.