Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Жамбыл облысында магнитудасы 3,7 болатын жер сілкінісі болды

Жамбыл облысында магнитудасы 3,7 болатын жер сілкінісі болды
Сурет: Google Maps

Жамбыл облысында магнитудасы 3,7 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес, 2026 жылғы 5 қаңтарда Астана уақытымен сағат 10:15-те (Гринвич бойынша 05:15-те) Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендіктің 43,76 градусы, шығыс бойлықтың 75,15 градусы. Магнитудасы mpv=3,7, энергетикалық класы К=8,8», - деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар дүйсенбі күні.

Көрсетілген координаттар бойынша жер сілкінісінің ошағы Жамбыл облысының Алматы облысымен шектесетін тұсына сәйкес келеді.