Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстандағы танымал шай маркаларынан қауіпті қоспалар табылды

/
Қазақстандағы танымал шай маркаларынан қауіпті қоспалар табылды
Сурет: Рixabay

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы қаулысымен санитарлық заңнама талаптары мен Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес келмейтін шай өнімдерін елге әкелуге және сатуға уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, бақылау мақсатында сатып алу және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу барысында қара шайдың кейбір түрлерінде шай өндірісінде қолдануға рұқсат етілмейтін тыйым салынған тағамдық бояғыштар анықталған. Олар: тартразин (E102), «күн батар түстес» сары (E110) және понсо 4R (E124).

Сонымен қатар, өнім қаптамаларында өндірілген және буып-түйілген жері туралы жалған мәліметтер көрсетілген, бұл қажетті рұқсат құжаттарының жоқтығын білдіреді.

Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты мынадай шай атауларын әкелуге және сатуға тыйым салынды:

«Апамның шәйі Premium Gold, Al-Hayat Golg, БАЛҚИЯ Premium Gold, Sultan Suleyman, Pakistan tea, Aje Onim, Al-Jannat Premium, Alfarah және Алматы, Астана қалалары мен Алматы облысындағы бірқатар ЖШС мен ЖК, сондай-ақ бір шетелдік өндіруші шығарған басқа да шай түрлері».