Logo
Іздеу
Айдарлар

Белгілі заңгер жаңа Салық кодексінің қолданысын тоқтата тұруды талап етіп отыр

/
Белгілі заңгер жаңа Салық кодексінің қолданысын тоқтата тұруды талап етіп отыр
Сурет: Рixabay

Заңгер Жангелді Сүлейманов жаңа Салық кодексінің күшін уақытша тоқтата тұруды ұсынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, салық органдары реформаға дайын емес: ақпараттық жүйелер істемейді, есептілік қабылданбайды, ал мәліметтер базаға түспей жатыр.

«Небәрі бірнеше күн өтті, бірақ реформа қазірдің өзінде ақсап тұр. Бұдан әрі не болатыны айтпаса да түсінікті», — деп жазды Сүлейманов өзінің Facebook парақшасында.

Сондай-ақ, заңгер Қаржы министрі желтоқсан айында жариялаған «Халықтық бухгалтер» акциясын сынға алды. Бұл бастама жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнеске бухгалтерлік көмек көрсетуді көздейді. Сүлеймановтың пайымдауынша, мемлекет шын мәнінде өз міндеттерін жеке компанияларға жүктеуге тырысуда.

«Егер салық органдары бухгалтерлерді көмекке шақырып жатса, демек олар дайын емес: білімі де, ресурсы да, уақыты да жеткіліксіз», — деп түсіндірді заңгер.

Ол салық төлеушілерге кеңес беру — салық органдарының тікелей міндеті екенін атап өтті. Сонымен қатар, Сүлейманов кәсіпкерлер үшін туындайтын тәуекелдерге де тоқталды: егер бухгалтер декларация толтыруда қате жіберсе, жауапкершілік бәрібір салық төлеушінің мойнында қалады.

«Бухгалтерлер декларацияны қалай толтыруды біледі, бірақ кодекстің өзін, әсіресе оның заңнамалық бөлігін тек заңгерлер ғана түсінеді».

Заңгер сөзін былай деп түйіндеді: жүйе дайын емес, ал реформаны асығыс іске қосудың салдары салық төлеушілер үшін де, мемлекеттік органдар үшін де ауыр болуы мүмкін.

Ол жаңа Салық кодексінің қолданысын тоқтата тұруды талап етіп отыр.