Астана әуежайында жеті рейс кешігіп, Түркістаннан келетін бір рейс тоқтатылды, сондай-ақ тағы бес рейс ұшуға кешігуде. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Ұшып келу бойынша жеті рейс кешіктірілуде, Түркістаннан келетін бір рейс тоқтатылды. Келудің кешігуі мен тоқтатылу себептерін ұшу әуежайлары мен авиакомпаниялар анықтайды. Ұшу бойынша бес рейс кешігуде», — делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
Рейстердің кешігу себептері былай түсіндіріледі:
Шымкент және Қостанай бағыттары бойынша — баратын әуежайлардағы қолайсыз ауа райына байланысты;
Қызылорда, Алматы және Камрань рейстері бойынша — әуе кемесінің кеш келуіне байланысты.
«Қазіргі уақытта Астана халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Барлық қызметтер әуе кемелерін қабылдау мен ұшыруды қамтамасыз етуде, перронды тазалау және аэродром инфрақұрылымын күтіп ұстау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. (...) Астана әуежайы тарапынан ешқандай шектеулер жоқ — аэродром мен терминалдар тұрақты жұмыс істеуде. Жолаушыларға рейстердің мәртебесі туралы өзекті ақпаратты авиакомпаниялардан нақтылау ұсынылады», — деп атап өтті әуежай өкілдері.