Logo
Іздеу
Айдарлар

Мас күйінде көлік жүргізген судья Досаева ірі көлемде айыппұл арқалады

/
Мас күйінде көлік жүргізген судья Досаева ірі көлемде айыппұл арқалады
Сурет: ашық дереккөзден

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әсел Досаева мас күйінде көлік басқарғаны үшін ірі көлемде айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Arasha.kz ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

«Д. есімді азаматша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 8-бөлігі бойынша (жүргізушінің көлікті мас күйінде басқаруы немесе басқаруды мас адамға беруі) кінәлі деп танылып, оған 200 АЕК (786 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды», — делінген елордалық соттың ресми хабарламасында.

Қазіргі уақытта сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты бұл істі келесі жағдайларға байланысты қараған:

2025 жылдың 1 қарашасында Досаева көлік жүргізу куәлігінің мерзімі өтіп кетсе де (мерзімі 2025 жылдың 3 шілдесінде аяқталған), рөлге отырған.

Медициналық сараптама оның «жеңіл дәрежедегі» мас күйде болғанын растады.

Заң бойынша (ӘҚБтК 50-бабы 2-бөлігі) 14 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге әкімшілік қамауға алу шарасы қолданылмайды. Судьяның 2013 жылы туған баласы бар, сондықтан оған тек айыппұл санкциясы тағайындалды.