2025 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1 052 қылмыстық іс қозғалып, оның 969-ы бойынша тергеу аяқталды, 860 іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Arasha.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. 1 052 қылмыстық іс қозғалды, оның 969-ы бойынша тергеу аяқталды, оның ішінде 860-ы сотқа жіберілді. Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық және бюджет қаражатын жымқыру сияқты қылмыстарға жатады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 895 тұлғаның заңсыз қызметіне тосқауыл қойылды.
ҰҚК мәліметтері бойынша, ел бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарылды, 3,3 млрд теңге сомасындағы мүлікке камау қойылды. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар туралы ақпарат бергені үшін 61 адам жалпы сомасы 24,2 млн теңгеге сыйақы алды.