Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматы облысында жол апатынан үндістандық студенттер қаза тапты

/
Алматы облысында жол апатынан үндістандық студенттер қаза тапты
Сурет: ашық дереккөзден

6 қаңтарда Алматы облысында, Алматы — Бішкек тас жолының 86-шақырымында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Toyota Alphard минивэнінің 33 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Жүргізуші оқиға орнында тіл тартпай кетті. Көлікте одан бөлек бес адам болған: Оңтүстік Қазақстан медицина университетінің төрт студенті және бір турист.

Олар Шымкенттен Алматыға қарай бағыт алған.

«Жолаушылардың екеуі, Үндістан азаматтары, кейінірек ауруханада қайтыс болды. Тағы үш адам ауыр жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, олар қазір жансақтау бөлімінде жатыр», — деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаменті.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Үндістанның Қазақстандағы елшілігі студенттердің қаза болғанын растады. Дипломатиялық миссия қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің туыстарымен байланыста екенін және Қазақстан билігімен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Toyota Alphard көлігінің қатысуымен болатын апаттар жиілеп кетті. Жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асыруы, шаршауы және бақылаудың жоқтығы салдарынан бұл минивэндер халық арасында «ажал арбасы» деген атқа ие болған.