Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Құқықтық алаңдағы қоғам

Блогер Қайсар Қамзаға Қазақстанда іздеу жарияланды

Блогер Қайсар Қамзаға Қазақстанда іздеу жарияланды
Сурет: әлеуметтік желіден

Блогер Қайсар Қамзаға Қазақстанда іздеу жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz сайты ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

«Қайсар Қамза Бақытжанұлының іздеуде жүргеніне екі күн болды», - делінген Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталындағы Қамзаның іздеу карточкасында.

Құжатқа сәйкес, іздеу ісі 10 қаңтарда Астана қаласында тіркелген. Іздеу шараларын ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр.