Logo
Іздеу
Айдарлар

«Ресей темір жолдары» АҚ филиалы монополиялық жоғары бағалар үшін жауапкершілікке тартылды

/
«Ресей темір жолдары» АҚ филиалы монополиялық жоғары бағалар үшін жауапкершілікке тартылды
Сурет: ашық дереккөзден

Қазақтан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Ресей темір жолдарының филиалы - Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесіне қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша тергеп-тексеруді аяқтағандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тергеп-тексеру «Ресей темір жолдары» АҚ филиалы ұсынатын электронды теміржол вагондарының таразыларына метрологиялық қызмет көрсету қызметтеріне баға белгілеуге қатысты аймақтық кәсіпорынның шағымынан туындаған.

«Нарықтың жай-күйіне талдау қорытындысы бойынша филиалдың әрекеттері үстем жағдайды теріс пайдалану болып табылатынын, бұл қызметтерге монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және ұстап тұруда көрініс тапқанын көрсетті, бұл жағдай тергеп-тексеру жүргізуге негіз болды. Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1) тармақшасын бұзғанын растады. Ресей темір жолдары бөлімшесіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылды», - деп хабарлады департамент.

2025 жылдың 24 желтоқсанындағы сот шешімімен Ресей темір жолдары филиалына 1 880 052 теңге айыппұл салынып,  7 327 728 теңге монополиялық кіріс тәркіленді. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Департаменттің нұсқамасы орындалды. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды вагон таразыларына метрологиялық қызмет көрсету бағасы 754 698 теңгеден 536 357 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) төмендетілді, бұл 28%-дан астам төмендеуді білдіреді.