Logo
Іздеу
Айдарлар

Светлана Жолманованың ісі: сотта алаяқтықтың жаңа эпизодтары қаралады

/
Светлана Жолманованың ісі: сотта алаяқтықтың жаңа эпизодтары қаралады
Сурет: ratel.kz

Алматының Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Светлана Жолманова қайтадан сот алдында жауап береді. Оған тағы да «алаяқтық» бабы бойынша айып тағылып отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тергеу амалдары аяқталып, іс сотқа жолданды. Сот процесі ашық режимде өтеді деп жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Жолманова қамауда отыр. Өткен жылдың жазында ол аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылған болатын. Ол жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлерге қатысуға көмектесуге уәде беріп, адамдарды бір миллиард теңгеден астам сомаға алдаған.

Жолманованың айналасындағы дау 2021 жылы басталған еді. Сол кезде ол ұсталып, тінту кезінде одан ірі көлемде қолма-қол ақша табылған болатын. Кейіннен оның судьялық өкілеттігі тоқтатылып, артынша қызметінен біржола босатылды.

Бұған дейін БАҚ беттерінде Жолманованың Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің отбасымен және оның жұбайы, бұрынғы судья Жанар Байбекпен жақын қарым-қатынаста болуы мүмкін екені жазылған еді. Алайда сот талқылауы кезінде прокурор Байбек әулетімен жақын байланыс туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.