Logo
Іздеу
Айдарлар

Ержан Бабақұмаровтың өлімі: сот отырысы қай күні өтетіні белгілі болды

/
Ержан Бабақұмаровтың өлімі: сот отырысы қай күні өтетіні белгілі болды
Сурет: ашық дереккөзден

Президенттің бұрынғы кеңесшісі Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ержан Бабақұмаров 2025 жылғы 30 қазанға қараған түні елордадағы Millennium Park тұрғын үй кешенінде қаза тапқан. Марқұм сол сәтте күдікті Ербол Кәукетаймен бірге пәтерде болған. Полиция нұсқасына сәйкес, екеуінің арасында алдымен сөзге келу орын алып, ол кейін төбелеске ұласқан. Бабақұмаров бірнеше соққы алып, есінен танып қалған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның көз жұмғанын тіркеді.

Тергеу жұмыстары толық аяқталды. Істі судья Айжан Күлбаева қарайды. Алғашқы сот отырысы 19 қаңтарға белгіленген.