Logo
Іздеу
Айдарлар

Лудоман болғанша, арақ ішкен жақсы — кәсіпкер

/
Лудоман болғанша, арақ ішкен жақсы — кәсіпкер
Фото: видеодан скрин

Кәсіпте сала таңдау бойынша Youtube арна жүргізіп, қоғамда белсенді болып жүрген, өзі де кәсіпкер Ұлан Құрманғалиевке сұхбат берген бизнесмен Талғат Сақан «лудоман болғанша, арақ ішкен жақсы» деген ой айтты. 

Бизнесмен Талғат Сақан Қытайға барып, көпшілік ортада отырып, естіген әңгімесін былай деп баяндайды:

«Сол жердегі жігіттің айтқан сөзі жүрегіме қадалды. Одан да арақ ішкен жақсы дейді. (яғни лудоман болғанша арақ ішкен жақсы дегенді айтып отыр). Неге десем, миллион теңгеге он арақты алып бірден ішіп тастай алмайсыз ғой. Ары кетсе, 3-4 бөтелке арақ ішесіз, болды сосын құлайсыз, қайтасыз дейді», — деп құмалықтың түрін айтып отырған кезде, жүргізуші Ұлан Құрманғалиев «наркомандар да жақсы ғой, күніне ... грам ішеді» деген ойды айтып қалады. 

Яғни кәсіпкерлер құмарлықтың өзге де түрі бар екенін айтып, салыстыру жасайды. Одан әрі Талғат Сақан ойын былай деп жалғайды:

«Мына жерде бір батырманы басып қалған кезде 10 миллион жоқ дейді. Екінші рет басып қаласың, 20 млн, 100 млн жоқ болып кетеді», — дейді. Яғни араққа ондай ақша құртпайсың дегенді айтып отыр.