Logo
Іздеу
Айдарлар

Мүгедек әкесін ұрып келген азамат алты жылға сотталуы мүмкін

/
Мүгедек әкесін ұрып келген азамат алты жылға сотталуы мүмкін
Сурет: видеодан скрин

Оқиғаның мән-жайын еске түсірейік. Түркістан облысында болған жан түршігерлік оқиға жұртшылықты дүр сілкіндірген еді. Көпшілікке «көңілді асаба» ретінде танымал болған ауыл тұрғыны науқас әкесін қан-жоса етіп сабап келген. Бұл жайт желіде бейнежазба тарап кеткеннен кейін белгілі болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

2025 жылы күздің басында қарт кісі қайтыс болды. Полиция оның ұлын тұтқындап, кейіннен «көңілді асаба» Алмаз Садақбаевтың әйеліне қатысты да іс қозғалды. 

Қазіргі уақытта Жетісай ауданаралық сотында әкесін ұрып-соғып, қорлады деп айыпталған Садақбаевқа қатысты сот отырысы аяқталуға жақын. Otyrar басылымының хабарлауынша, ұлына «қинау» және «денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» баптары бойынша айып тағылып отыр.

Прокурор оған жалпы алты жыл екі айға бас бостандығынан айыру жазасын (және 20 АЕК көлемінде айыппұл) тағайындауды сұрады.

Сотта Садақбаев кінәсін толықтай мойындап, кешірім сұрады. Ол істеген ісіне өкінетінін айтып, отбасындағы жалғыз асыраушы екенін және артында балалары бар екенін алға тартып, жазаны жеңілдетуді өтінді.

Сот үкімі жақын арада жариялануы тиіс.