Түркістан облысының 32 жастағы тұрғыны Келес ауданындағы медициналық клиника басшысынан ақша бопсалау әрекеті үшін ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тергеу мәліметтері бойынша, әлеуметтік желілерде парақшасын белсенді жүргізетін әйел өзін қоғам белсендісі ретінде таныстырған. Ол клиника басшысынан бір миллион теңге талап етіп, егер ақша бермесе, интернетте оның беделіне нұқсан келтіретін (компромат) материалдар жариялайтынын айтып қорқытқан.
Құқық қорғау органдары күдіктіден заттай дәлелдемелерді тәркіледі. Қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.