Logo
Іздеу
Айдарлар

Бәрі өлді деп ойлаған 103 жастағы әже өзінің жаназасында тіріліп, той жасаған (ФОТО)

/
Бәрі өлді деп ойлаған 103 жастағы әже өзінің жаназасында тіріліп, той жасаған (ФОТО)
depositphotos.com

Үндістанның Махараштра штатында 103 жастағы әйел өзіне арналған жерлеу рәсімі кезінде тіршілік белгісін көрсетіп, көпшілікті есеңгіретті. Қайғылы рәсімге дайындық туған күнімен тұспа-тұс келген сәтте аяқ астынан қуанышқа ұласқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Hindustan Times дерегінше, 103 жастағы Гангабаи қайтыс болды деп есептеліп, жерлеу рәсіміне барлық дайындық жасалған. Үйінің алдына дәстүрлі шатыр тігіліп, оған жерлеуге арналған сари кигізілген. Қоштасуға туыстары мен жақындары жиналып, мәйітті алып кететін көлікті күтіп отырған.

Алайда аза тұтып отырғандар күтпеген жағдайға куә болды: «марқұм» қозғала бастап, кенеттен отыруға талпынған. Ең таңғаларлығы – бұл сәт дәл оның туған күніне сәйкес келген.

Осыны ғажайыпқа балаған туыстары қаралы ас өткізудің орнына Гангабаидың 103 жылдық мерейтойын атап өтіп, қуанышқа кенелген.