Logo
Іздеу
Айдарлар

Фитнес-жаттықтырушы аса ірі мөлшерде есірткімен ұсталды

/
Фитнес-жаттықтырушы аса ірі мөлшерде есірткімен ұсталды
Сурет: Polisia.kz

33 жастағы фитнес-нұсқаушы жаттығудан бос уақытында Петропавл қаласында есірткі жасырумен айналысқан. Оның есірткі сатушы ретіндегі "мансабы" ұзаққа созылмады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Полиция мәліметінше, ол бұл іспен өткен жылдың қараша айынан бастап айналысқан. Оны 16 қаңтарда қылмыс үстінде ұстады.

Ер адам есірткі жасыру үшін адам аз жүретін жерді — №3-ші қалалық аурухананың маңын таңдаған.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, күдіктіні жеке тінту кезінде одан сарғыш түсті зат салынған 22 түйіншек табылды.

Тәртіп сақшылары оның көрсетуімен тағы бір жасырын жерден (тайник) 3 түйіншек тапты. Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген зат PvP синтетикалық есірткісі екені анықталды. Партияның жалпы салмағы шамамен 25 граммды құрады, бұл аса ірі мөлшерге жатады.

Ұсталған азаматқа психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.