Logo
Іздеу
Айдарлар

Шымкенттегі жол апатынан кейінгі қанды айқас: күдіктілер ұсталды

/
Шымкенттегі жол апатынан кейінгі қанды айқас: күдіктілер ұсталды
Сурет: видеодан скрин

Шымкентте кісі өлтіру және бұзақылық жасады деген күдікпен бірнеше адам ұсталды. Олар қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап Arasha.kz хабарлайды.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде кісі өлтіру және бұзақылық жасады деген күдікпен төрт ер адам ұсталды.

«Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тиісті жедел-тергеу амалдары жалғасуда», — деп атап өтті ведомство өкілдері.

20 қаңтарда орын алған қайғылы оқиғаға байланысты полиция бірден бірнеше бап бойынша іс қозғады: «Кісі өлтіру»,  «Бұзақылық», «Адам ұрлау».

Тәртіп сақшылары 40 жастағы ер адамның пышақ жарақатынан қаза тапқанын және тағы бір адамның ауыр халде ауруханаға жеткізілгенін растады. Қылмыстың бүкіл мән-жайын анықтау үшін департаменттің барлық күш-құрылымдары жұмылдырылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Шымкенттегі жол апатының соңы жаппай төбелеске ұласқан сәті түсірілген видео тараған болатын. Екі жеңіл көлік соқтығысқаннан кейін жанжал басталып, оған үшінші көліктегілер келіп қосылған. Төбелес кезінде бір адам ауыр пышақ жарақатын алса, екіншісін белгісіз тұлғалар күштеп көлікке отырғызып, қала сыртына алып кеткен. Кейінірек ұрланған азаматтың мәйіті табылды.