Logo
Іздеу
Айдарлар

Ресей АҚШ-тың 255 млрд доллар «патша қарызын» өтеу туралы талабын агрессия деп атады

/
Ресей АҚШ-тың 255 млрд доллар «патша қарызын» өтеу туралы талабын агрессия деп атады
Сурет: Рixabay

Ресейдің Қаржы министрлігі мен Федерация кеңесі Ресей империясының 255 млрд доллар қарызын өтеу туралы талапқа байланысты АҚШ-пен соттасуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдымен бұл жағдайға қатысты Ресей Қаржы министрінің орынбасары Владимир Колычев пікір білдірді.

«Кезінде Кеңес Одағы да бұл қарызды төлеуді қажет деп санаған емес, ал Ресей тіпті төлемейді. Шынымды айтсам, егжей-тегжейін білмеймін, бірақ егер сот процесі басталса, Ресей әрине оған қатысады», — деді ол.

«Құқықтық агрессия»: Кейінірек Федерация кеңесі төрағасының орынбасары Константин Косачев АҚШ-тың бұл талабын «құқықтық агрессия» деп атады.

«Бұл бастама — қарсыластарымыздың Ресейге қарсы бастаған құқықтық агрессиясы. Мұның артында Украинадағы қақтығыстың жалғасуын көздейтін және Дональд Трамп басқарып отырған қазіргі әкімшіліктің бейбіт қадамдарына кедергі келтіруді мақсат еткен АҚШ-тағы белгілі бір күштер тұруы мүмкін», — деп болжады Косачев.

Еске сала кетейік, бұған дейін америкалық Noble Capital RSD инвестициялық қоры АҚШ-тың федералды сотына Ресей империясының облигациялары бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап арыз түсірген болатын.

Осыдан кейін Ресей тарабы АҚШ сотынан 225 млрд долларлық «патша қарызы» туралы талап арызды қайтарып алуды талап етті. Заңгерлердің айтуынша, Ресей патша үкіметінің қарыздары үшін жауапкершілікті мойындамайды.