Logo
Іздеу
Айдарлар

Зеленский Трамппен кездесу үшін Швейцарияға келді

/
Зеленский Трамппен кездесу үшін Швейцарияға келді
Сурет: ашық дереккөзден

Швейцарияның Давос қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форум әлем назарын өзіне аударған маңызды келіссөздер алаңына айналды. Бүгін Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамптың бетпе-бет кездесуі жоспарланған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Владимир Зеленский Швейцарияға арнайы сапармен келді. Ақ үй басшысы Дональд Трамппен жоспарланған маңызды келіссөздер жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00-де (Астана уақытымен 17:00-де) басталады деп күтілуде. Сарапшылар бұл кездесудің Украинадағы соғысты тоқтату және АҚШ-тың алдағы көмегі мәселесінде шешуші рөл атқаратынын айтуда.

Трамп пен Зеленский Давоста тілдесіп жатқанда, АҚШ-тың тағы бір делегациясы Ресей астанасына бет алды. Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен президенттің күйеу баласы Джаред Кушнер бейсенбі күні кешкісін Мәскеуге келеді.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл ақпаратты растап, кездесудің уақытына тоқталды:

«Олар кешкісін келеді. Нақты уақытын айта алмаймын, бірақ кешкі сағат жеті-сегізден кейін болатыны анық», — деді Песков.

Песковтың айтуынша, Владимир Путинмен арадағы әңгіменің негізгі арқауы «Украинадағы жағдайды реттеу» болмақ. АҚШ-тың жаңа әкімшілігі жанжалды тезірек тоқтату үшін екі жақпен де (Киевпен де, Мәскеумен де) қатар келіссөз жүргізуге көшкені байқалады.

Бұл дипломатиялық қадамдар әлемдік қауымдастыққа «Трамп жоспарының» алғашқы нақты кезеңдері басталғанын көрсетіп отыр.