Logo
Іздеу
Айдарлар

"Жәнібек шаршы алаңға оралады": Қазақ боксшысының менеджері шұғыл мәлімдеме жасады

/
"Жәнібек шаршы алаңға оралады": Қазақ боксшысының менеджері шұғыл мәлімдеме жасады
Janibek Alimkhanuly team

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы дисквалификацияға қатысты мәселе бойынша тек ресми шешім шыққаннан кейін ғана рингке қайта оралатынын мәлімдеді. Бұл туралы спортшының менеджері Берік Сұлтан мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Менеджер әлеуметтік желідегі жазбасында командаға бағытталған сын-пікірлерге жауап беріп, жанкүйерлерді сабырға шақырды. Оның айтуынша, тараптар барлық рәсімдердің заңды әрі ашық өтуін күтеді, ал шешім жарияланған соң ғана келесі қадамдар айқындалады.

"Біз жайында "мансаптың соңы" деп жазып жүргендерге айтарымыз бар: хейт пен сын әрқашан болады, бәріне бірдей ұнау мүмкін емес. Әзірге ресми ақпарат жоқ. Қазір Жәнібек ешқайда шеттетілген жоқ, ол әлі де чемпион. Нақты шешім шыққан соң ғана алдағы қадамдарды айқындаймыз", – деді менеджер.

Сондай-ақ ол команда айтылған сын-пікірлерге мойымай, керісінше, сол сынның өзі ұжымды шыңдап, бұрынғыдан да қуатты ете түскенін атап өтті.

"Иә, қиын жағдай болды, бірақ біз мойыған жоқпыз. Қайта күшейдік. Міндетті түрде ораламыз. 38 жастағы Кроуфорд "Канелоны" жеңді, Бивол, Усик, Иноуэ – бәрі тәжірибелі боксшылар. Лара 40-тан асқан шағында да рингте жүр. Ал Жәнібектің жасы небәрі 33-те. Тіпті жарты жыл немесе бір жыл дисквалификация берілсе де, біз қайта келеміз. "Qazaq Style" әлі талай жарқырайды. Ең жақсысы алда", – деп түйіндеді Берік Сұлтан.