Logo
Іздеу
Айдарлар

Геннадий Головкинді Өзбекстанда ерекше сән-салтанатпен қарсы алды (ВИДЕО)

/
Геннадий Головкинді Өзбекстанда ерекше сән-салтанатпен қарсы алды (ВИДЕО)
olympic.kz. Суретте: Геннадий Головкин

Өзбекстан бокс федерациясы Instagram парақшасында World Boxing президенті әрі Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкинді қарсы алу сәтінен видео жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бейнежазбада Головкинді Ташкент әуежайында ұшақ трапынан түсе салысымен жылы қарсы алғаны көрінеді. Оған гүл шоқтары табысталып, құрмет көрсетілген. 

Еске салайық, Геннадий Головкин Өзбекстан астанасына Азия Олимпиадалық кеңесінің 46-шы Бас Ассамблеясына қатысу үшін келген. Беделді форум 26 қаңтар, дүйсенбі күні Ташкент қаласында өтеді. Шараға Азия құрлығының 45 елінен ұлттық олимпиадалық комитеттердің өкілдері мен халықаралық спорт сарапшылары шақырылған.