Logo
Іздеу
Айдарлар

Тоқаев Бас прокуратурада жиналыс өткізді

/
Тоқаев Бас прокуратурада жиналыс өткізді
Сурет: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 26 қаңтарда Бас прокуратурада кеңес өткізді, деп хабарлайды Arasha.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы елімізде ауқымды өзгерістер жүріп жатқанын, соның аясында конституциялық реформа жүзеге асырылып, сапалық тұрғыдан жаңа саяси жүйеге көшу міндеті тұрғанын қадап айтты.

Президент бүгінгі заман талабы қоғам өмірінің барлық саласына цифрландыру мен жасанды интеллектіні белсенді енгізуді қажет ететінін еске салды.

«Бірқатар шет мемлекеттердегі өте күрделі жағдайды ескерсек, біз жүргізіп отырған саясаттың дұрыстығына ешқандай күмән жоқ. «Заң мен Тәртіп» қағидатын мемлекеттік саясаттың іргелі принципі ретінде қарастыру қажет. Бұл өмірлік маңызы бар қағида өзінің өзектілігін ешқашан жоймайтыны сөзсіз. Меніңше, ол Конституцияның жаңа редакциясына міндетті түрде енгізілуі тиіс. Оны іске асыруда Бас прокуратураға маңызды рөл жүктеледі. Прокуратура қызметкерлерінің заң бұзушылықтарға бейжай қарауға немесе сырттай бақылап отыруға құқығы жоқ», – деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.