Logo
Іздеу
Айдарлар

Ірі көлемде пара алған аудандық полиция басқармасының бастығына үкім шықты

/
Ірі көлемде пара алған аудандық полиция басқармасының бастығына үкім шықты
Сурет: Рixabay

Шымкентте Тұран аудандық Полиция басқармасын басқарған шенді айыпталушылардың біріне қатысты қылмыстық істі жеңілдетуге уәде беріп, ол үшін 6 млн теңге пара алған. Ол өзінің қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, ақшаны заңсыз иемденген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сот барысында кінәлі екендігі куәгерлердің айғақтарымен, жасырын тергеу амалдарының материалдарымен, сараптамалармен және заттай дәлелдемелермен толық расталды. Сотталушының өзі кінәсін мойындамады, түсініктеме беруден бас тартып, өзін ақтауды талап етті.

Алайда сот бұл уәждерді негізсіз деп тапты. Нәтижесінде, бұрынғы полиция бастығы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол арнайы шенінен айырылды.