Logo
Іздеу
Айдарлар

Назарбаевқа айыппұл салынды

/
Назарбаевқа айыппұл салынды
Сурет: Рixabay

Қостанай облысы Б. Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің әкімі Ерлан Назарбаев кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Назарбаев жергілікті кәсіпкерге газ құбырын жүргізу үшін ауданы бар-жоғы 0,1 гектар болатын шағын жер телімін беруден бас тартқан.

Айта кету керек, кәсіпкердің қолында жер комиссиясының оң қорытындысы мен дайын жерге орналастыру жобасы болған. Ол жер телімін беру бойынша мемлекеттік қызметті рәсімдеу кезінде осы құжаттардың барлығын көрсеткен.

Әкімнен бас тарту жауабын алған кәсіпкер құқығының шектелгенін айтып, Мемлекеттік қызмет істері департаментіне шағымданған.

Департамент қызметкерлері прокуратурамен бірлесе отырып, жергілікті әкімдіктегі заңсыздықты ретке келтірді.

Нәтижесінде, жер телімі кәсіпкерге қайта өтінім берілмей-ақ берілді. Ал әкім Е. Назарбаевқа қатысты хаттама толтырылып, оған 100 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл салынды.